Модельдер
  • Кроссовер
  • спорттық
  • суперспорттық

Сатып алу
Тәжірибелер
Бренд
Жауһарлар
Меншік
grecale-giorgetti-design-week-desktop grecale-giorgetti-design-week-mobile
Maserati мен Giorgetti коллаборациясы
Сізді алға жетелейтін итальяндық өмір салты.

«Үш ашалы айыр» үйінің автомобиль өндірісіндегі шеберлігі мен Giorgetti компаниясының дизайнерлік эстетикасының үйлесімі — итальяндық технологиялар мен инновацияға деген ұмтылыстың дәлелі 

Модена, 7 сәуір 2025 жыл. Екі танымал итальяндық бренд Maserati мен Giorgetti Миланда өтетін 2025 жылғы Дизайн аптасында жаңа коллаборация жайлы мәлімдеді. Бұл ынтымақтастық шеңберінде мәңгілік әсемдік пен технологиялық инновацияны біріктірген интерьерлік дизайн коллекциясы мен бірегей Fuoriserie Grecale моделі таныстырылған болатын.

Бұл таза итальяндық серіктестік ортақ құндылықтарға негізделген: ұсақ-түйектерге мұқият назар аудару, мінсіздікке деген ұмтылыс және бірегей тәжірибені ұсынуға ниет. "Сұлулық пен жоғары сапа" концепциясын ұстанатын және бір-бірінен шабыт алатын екі компанияның бірлестігі жаңа шығармашылық белестерді бағындырып қана қоймай, таңдаулы да талғампаз, сапалы қарым-қатынасты қатаң талап ететін лайықты аудиторияны тапты.

«Ғасырлар бойы Maserati интерьерлік дизайн әлемімен тығыз байланыста болып келді. Біздің автокөліктер де, Giorgetti жиһазы да жай қызмет атқарып қана қоймайды: олар түрлі эмоциялар тудырып, ұзақ әсер қалдыру үшін жаралған. Итальян тілінен аударғанда, «Fuoriserie» сөзі «ерекше» дегенді білдіреді. Сәйкесінше бұл жекелендіру бағдарламасы ерекше туындыларды жасауға бағытталған.  Giorgetti компаниясымен ынтымақтастықтың нәтижесінде оның дербестігі мен шеберлігінің дәлелі болған бірегей Grecale Giorgetti Edition шығарылымы жарық көрді. Ол «Үш ашалы айыр» үйіне тән үздіксіз эксперименттер мен Giorgetti брендіне тән тұрақты талғампаздықты ұштастырған инновация мен әсемдік бейнесіне айналды», — деп мәлімдеді Maserati компаниясының бас дизайнері Клаус Буссе.

"Giorgetti мен Maserati-дің бірігуі — жай ғана ынтымақтастық емес, ол — Италияның екі ірі компаниясының арасындағы сұхбат. Maserati ешқашан сән қуып көрмеген. Оның өзіне тән бастапқы дизайны қаз-қалпында сақталып келеді. Ал Maserati-дің түпкілікті құндылықтары — салтанаттылық пен өнімділік брендтің нағыз ажырамас бөлігіне айналды. Аталған ынтымақтастық екі брендтің беделін нығайтып қана қоймай, кез келген заманда өзектілігін жоғалтпайтын әсемдік пен инновация көрінісін жүзеге асырды», — деп мәлімдеді Giorgetti компаниясының шығармашылық директоры Джанкарло Бозио.

Giorgetti Maserati Edition коллекциясы — аспан мен теңіздің эпикалық саяхаты. Компанияның эмблемасында Нептунның үш ашалы айыры қолданылғаны сияқты, коллекция өнімдеріне де аңыздардағы атаулар берілді. Maserati символикасына және брендтің автомобильдік туындыларына шабыт болған жел мен теңіз арасындағы терең байланысқа ілтипат білдіре отырып, коллекцияның әрбір элементі мифология мен тылсым табиғатқа жүгінеді. Коллекцияның әрбір бөлшегі Maserati модельдері сияқты сұлулықпен қатар, үйлесім мен күшті ұштастыратын нәзік әрі ғажайып әдемі нимфалардың құрметіне аталған. Даналық пен күштің символына айналған Нереиданың құрметіне Nereide деген атау берілген модульдік диван шаған массивінен жасалған платформамен бірге жүреді, ал автокөліктегі әдемі иілген сызықтардан шабыт алған Seidon диванының бірегей пішіні мен функциясы арқа мен отыратын бөліктің арасындағы динамикалық тепе-теңдікті сақтайды. Мүсінге ұқсайтын Lorelei креслосы мен диванына отырғанда, біреудің құшағына шомғандай боласың, ал Teti пуфы әсемдігімен және нәзік геометриялық бөлшектерімен көздің жауын алады. Ligea журнал үстелшелері динамикалық және әсем дизайндағы машинаның ауа тартқыштарына ұқсаса, тік элементтерден тұратын Sibilia журнал үстелшесі желді бейнелеп тұрғандай болады. Ploto — дөңгелектерімен толқын сияқты бірқалыпты әрі жеңіл қозғалатын журнал үстелшесі. Ал Neomeris теңіз толқындарынан туатын толассыз қозғалысты суреттейді.

Maserati Giorgetti Edition — әсемдікті, итальяндық мұраны және ұсақ-түйектерге деген құштарлықты дәріптей отырып, автомобиль және жиһаз өндірісін біріктіретін коллекция. Бұл коллекцияның құрамына сондай-ақ технология мен шеберлікті ұштастыра отырып, Maserati автокөліктерін жекелендіру мақсатында жақында Моденада ашылған Officine Fuoriserie шеберханаларында жалғыз ғана экземплярда жасалған толықтай электрлік Grecale Folgore кроссовері де кіреді. Бұл Grecale Giorgetti Edition нұсқасының шанағы қайталанбайтын Gleaming Dusk реңкінде жасалған, ал радиатор торларында түсі сәйкес келетін ендірмелері бар. Модель сұр түсті лакпен қапталған Glossy Black түсті 21 дюймдік дөңгелектермен жабдықталған, ал тежегіш суппорттары мен Fuoriserie логотипі мыс түстес болып келеді. Giorgetti стиліне сай деним деп аталатын түстегі былғарымен қапталған эксклюзивті интерьер «үйдегідей жайлылық» сезімін сыйлайды, ал орындықтар Giorgetti Maserati Edition коллекциясының интерьерінде пайдаланылатын Giorgetti-дің жүннен жасалған эксклюзивті 4 иірімді матасымен жабдықталған. Деним түсті алькантарамен қапталған бассүйегіштер алғаш рет көкшіл сұр түсті ағаштан жасалған қайталанбас үш ашалы айыр таңбасымен безендірілді. Туннель, аспаптар панелі, руль доңғалағы және есік панельдері тігілген графикасы бар деним түсті былғарымен қапталған. «Due icone, una visione» (Екі икона, бір көзқарас) және «Eleganza senza tempo» (Шексіз әсемдік) деп лазермен нақышталып жазылған жазуы бар тот баспайтын болаттан / ағаштан жасалған есік табалдырықтары бұл итальяндық шеберлік туындысына ерекше бір романтика береді. 

Giorgetti интерьерлік коллекциясы мен Maserati Grecale бірегей моделі бүгін Миландағы Giorgetti Spiga және Maserati Milan көрсетілімдерінде таңдаулы қонақтарға оңаша көрсетілді, ал ертең, 8 сәуірден бастап дизайнға қызығатын келушілер мен автоәуесқойлар оларды өз көзімен көріп, бетпе-бет таныса алатын болады.

Ұқсас мақалалар

Read More
Read More

Maserati S.p.A.
Viale Ciro Menotti, 322 – 41121, Modena (MO), Italy

Company registered under Italian law - VAT: IT 08245890010 R.E.A. Modena 347990

Share capital: 80.000.000 €, fully paid-up
Direction and coordination under Article 2497 of the Italian Civil Code: Stellantis N.V.

maserati@pec.fcagroup.com
www.maserati.com