Модельдер
  • Кроссовер
  • спорттық
  • суперспорттық

Сатып алу
Тәжірибелер
Бренд
Жауһарлар
Меншік
mc20-cielo-particular-desktop mc20-cielo-particular-mobile
Maserati жаңа Officine Fuoriserie Maserati бағдарламасын іске қосты

«Үш ашалы айыр» таққан темір тұлпарларды жеке талғамға сай реттеуге арналған инновациялық кеңістікке MC20 Cielo "Less is More…?" деген эксклюзивті атау берілді.

Модена, 26 наурыз 2025 жыл. Моденаның Виале Чиро Менотти көшесінде орналасқан тарихи зауытта Maserati автокөліктерін жекелендіруге мүмкіндік беретін арнайы кеңістік жасалды: жаңа Officine Fuoriserie Maserati бағдарламасы аясында Maserati клиенттердің шексіз тілектерін орындауға дайын, ал конфигурациялау процесінде қолданылатын инновациялық бояу техникасымен сырланған кез келген көліктің көздің жауын алатынына күмән жоқ.

Осыдан бір ғасыр бұрын ағайынды Мазератилердің ішінде өнер жолын таңдаған суретші Марио Болоньяның Пьяцца Маджоре алаңында орналасқан рим құдайы Нептунның мүсінінен шабыт ала отырып, атақты Maserati эмблемасын жасаған болатын. Кейіннен бұл таңба Tipo 26 моделінің радиатор торынан орын тапты. Алайда бренд даңқы бір жылдан кейін — Targa Florio жарысына алғаш қатысқан сәттен басталды. Автомобиль өндірушісі жарыс трассаларында ғана емес, қала көшелерінде де танымал бола бастады. Ал 2025 жылды «Үш ашалы айыр» жылы деп атасақ қателеспейміз.

Бұл жай ғана логотип емес, бұл — мұра мен инновацияның, тілектер мен салтанаттылықтың, Maserati-дің әрбір шешім қабылдау процесінде клиентті бірінші кезекке қою, оның тілектеріне құлақ асу және оларды бұлжытпай орындауға деген құлшынысының символы.

Осылайша Fuoriserie бағдарламасымен қатар, жеке дизайн мен технологиялық инновацияларға ауқымды инвестициялар салтанаттылықтың болашағын қалыптастырады.

Санто Фичили, Maserati компаниясының бас директоры: «Maserati бүкіл әлемдегі итальяндық салтанаттылықтың синонимі деуге болады. Бұл концепцияны жүзеге асыру барысында, әсіресе Fuoriserie бағдарламасы аясында эксклюзивті автокөліктерді жасау процесінде біз әрдайым клиенттің тілектерін бірінші орынға қоямыз. Біздің өзгелерден айырмашылығымыз— ұсақ-түйектерге және Maserati-дің әлеуетті сатып алушыларының қажеттіліктеріне деген мұқияттылық. Ал жаңа Officine Fuoriserie Maserati бағдарламасымен біз тағы бір тың тәжірибе алуды, жоғары шеберлік пен инновация дәстүрінің құрметіне бренд тарихында жаңа бөлімді бастауды ұсынамыз.

"Осы орайда біз Моденадағы тарихи зауытта жаңа Officine шеберханаларын аштық», — деп мәлімдеді Фичили. «Итальяндық Автомобиль алқабындағы жүздеген жылдық тарихы бар көрнекті бренд зауытының төрінен ашылған бұл шеберханалар әлемге өнімділік пен дизайнның бірегей көрінісін паш етпек: олардың ашылуы жаңа даму мүмкіндіктеріне жол ашып қана қоймай, Модена қаласы мен оның тұрғындарына елеулі инвестиция жұмылдырып, брендтің жергілікті қауымдастыққа деген адалдығын нығайтады».

officine-fuoriserie-desktop officine-fuoriserie-mobile
Maserati Fuoriserie жекелендіру бағдарламасы

Fuoriserie — Maserati брендінің дара шеберлігінің көрінісі. Бұл концепция клиентке шанақ түсі мен салондағы материалдардан бастап ұсақ өңдеу бөлшектеріне дейінгі машинаның әрбір ұсақ-түйегін жеке талғамға сай өзгертуге ғана емес, бұл процеске өз басымен қатысуға да мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, бағдарлама шанақ түстерінің, реңктердің, тежегіш суппорттарының, дисктердің және салон тіркесімдерінің кең таңдауын ұсынады. Осылайша жеке дизайнердің қолдауымен Maserati Fuoriserie клиенттері өз көліктерінің стилистіне айналады.

Жекелендірудің екі деңгейі қолжетімді. Біріншісі — мыңдаған түрлі тіркесімдердің ішінен керегін таңдауды жеңілдететін каталог. Онда екі коллекция ұсынылады — Fuoriserie Corse және Fuoriserie Futura. Екіншісі —Bespoke деп аталатын бірегей тапсырыс бойынша дайындау бағдарламасы. Ол клиенттің арнайы сұрауларына сәйкес немесе жалғыз ғана үлгідегі машиналарды шығаруға мүмкіндік береді.

Мұндай машиналар уақытқа бағынбайтын стильдің табынушылары мен Maserati тарихының нағыз энтузиасттарына арналған. Corse коллекциясы брендтің жарыстық модельдерінен шабыт алса, Futura коллекциясы өзгерістерге қызығатын, нағыз авангардтық ұсыныстарға құмар футуристерге арналған.

Collezione Corse: уақыт бағынбайтын стиль табынушылары мен әуесқой жүргізушілерге арналған. Бұл коллекция өткен заманның Heritage жарыстарынан шабыт алады. Негізгі ерекшелігі — тарихи реңктерге деген жаңа көзқараста жасалған түстер. Бұл коллекциядағы көліктер танымал жарыс машиналарының заманауи үлгісіне негізделіп, жапсырмасыз, тұтас боялады. Тағы бір ерекшелігі — күрделі әрі сәнді спорттық бөлшек. Ол шанақ формасын айрықша етіп көрсететін түрлі-түсті жолақтар түрінде жүзеге асырылған.
Сондай-ақ бұл коллекция машина түсіне сәйкес келетін түс гаммасында арнайы тежегіш суппорттарымен жабдықталып, анодталған түсті жабындармен безендірілген. Бұның бәрін көзге ерекше түсетін жоғары сапалы жылтыр бояу толықтыра түседі. Интерьерінде дәстүрлі реңктердегі иленген вегандық былғары және дәстүрлі таралған меланжды жүнге ұқсайтын заманауи қаптауыш пайдаланылады.

Collezione Futura: футуристерге, технологиялар мен жаңа материалдарды дәріптеушілерге, кез келген өзгерісті қуана қарсы алатын адамдарға арналған.
Технологиялық инновацияны қолдана отырып, материалдармен және түстермен эксперимент жасау концепциясына негізделген бұл коллекция Maserati бренді үшін интерьер дизайны, тауарлар дизайны және спорттық киім саласынан алынған жаңа материалдарды эксперимент ретінде үйлестіруге мүмкіндік берген стилистік шеберхана қызметін атқарады. Эстетикадан бөлек, басты назар өнімділікке және материалдардың экологиялық тұрақтылығына аударылады. Эксперименттік шанақ түстерінің қатарына интерференциялық пигменттермен араласқан текстураланған немесе күңгірт бояумен әрленген экстремалды және зауыттық реңктер де кіреді. Шанақта жаңа графикалық нұсқада қолданылған екі ғана түстің тіркесімі ерекше бір тың әсер береді.
Ал Bespoke бағдарламасы бойынша дайындалған машиналар бренд абыройын одан әрі шарықтата түсті. Бұл шеберлік шыңында қайталанбас тәжірибе мен шегі жоқ шығармашылыққа жол ашылады. Клиенттің көзқарасын бірегей жолмен жүзеге асырып, Maserati компаниясының шығармашылық ұжымы мен автокөлік иелерінің арасында эксклюзивті қарым-қатынас құру — кез келген автоөндірушінің қолынан келе бермейтін қасиет.

Bespoke — Fuoriserie жекелендіру бағдарламасының қайталанбас даралықты жүзеге асырып, армандарды орындайтын тармағы.

Officine Fuoriserie Maserati және жаңа бояу аймағы

Қазіргі таңда компания Fuoriserie бағдарламасын үздіксіз жетілдіріп, жаңа бірегей ұсыныстарды әзірлеп жатыр. Компанияға 80 жылдан астам уақыт бойы пана болған Модена қаласындағы зауытта Maserati арнайы орын бөлген болатын. Бұл жерде Officine Fuoriserie бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама технология мен шеберлікті ұштастырады, ал шексіз шығармашылық пен даралықтың арқасында ағымдағы модельдердің кез келгенін қалағаныңызға боятуға болады.

Officine Fuoriserie бағдарламасын автокөлікті сатып алу процесінің бастапқы конфигурациялаудан бастап зауытқа жеткізуге дейінгі әрбір қадамын тұтастай қамтитын кешенді әрі жеке саяхат деуге болады.

Арнайы соғылған Fuoriserie көрме залында Maserati клиенттеріне каталог немесе Bespoke бағдарламасы бойынша материалдар ұсынылады. Ал инновациялық конфигуратормен қатар, Fuoriserie командаларымен және Maserati Centro Stile дизайнерлерімен тұрақты диалог бастапқы шешімдерді жасауға көмектеседі.

Содан кейін бояу аймағында қолмен бояуға дайындықтар жүргізіледі, ал сапа қатаң бақылауға алынады. Келесі сатыда жоғары технологиялық процестер жүретін жаңа инновациялық бояу аймағына өтеміз.

Автоматты бояу процесінен кейін тағы үш кезеңнен өтеміз: тазалау бөлмесі; роботпен бояу және кепкенше күту; 80°C температурада күйдіру және қайталап күйдіру. Содан кейін бөлшектерді қолмен реттеу аяқталады.

Жаңа Officine бағдарламасы шеңберінде күн сайын 20-дан астам жұмыс станциясы Grecale, MC20, GT2 Stradale, GranTurismo және GranCabrio сияқты модельдерді бояйды.

Жаңа технологиялар арнайы 4000 шаршы метр аймақты қамтиды. Ондағы инновациялық бояу цехы клиенттерге түстердің кең таңдауын ұсынады. Бұл түстер үнемі жаңа реңктермен толықтырылып, озық технологиялармен жетілдіріліп отырады. Брендтің жарыстар тарихы мен мәдени мұрасына негізделген реңктердің кең палитрасы дәл осы жерде әзірленеді.

Жалпы есеппен жаңа жобада жоғары маманданған 110 қызметкер жұмыс істей алады. Қазіргі таңда Maserati автокөліктерін жеке тапсырыс бойынша жасаудың жоғары сапасын арнайы дайындықтан өткен 40 қызметкер қамтамасыз етеді.

Бұл желіде озық технологиялар мен таңдаулы шеберліктің мінсіз үйлесімі орын тапқан. Жаңғыртылған бояу цехы күніне 24 автокөлікті, ал бір ауысымда сегіз бірлікті өңдей алады, сонда жалпы есеппен күніне 24 түрлі жаңа түс шығара алады.

MC20 Cielo Less is More…?

Officine шеберханаларының ашылуына орай Maserati компаниясы «Less is More…?» деген атаумен Maserati MC20 Cielo моделін ұсынды. Бұл модель клиенттердің кез келген тілегін жүзеге асыруға бағытталған Fuoriserie бағдарламасының ең ерекше туындысы болып табылады.

Арнайы MC20 Cielo моделі Баухаус өнер бағытындағы дизайн элементтерін, сондай-ақ арнайы реңк және арнайы әзірленген шанақ түстері сияқты күрделі бөлшектерді қамтиды.

Бұл бірегей модельдің сыртқы көрінісі машинаның тұла бойымен өтетін геометриялық формалармен ерекшеленеді.

Нағыз минималистік эстетикадағы қарапайым абстрактілі пішіндерді қолданатын Баухаус стиліне сәйкес Blu Corse Matte моделінің капоты нүкте, сызық, үшбұрыш және тік төртбұрышты пішіндері бар эксклюзивті реңкпен безендірілген.

Негіз ретінде Баухаус стиліндегі классикалық түстер алынып, Maserati стиліне сәйкес бейімделген тіркесімдер — өнер туындысы деп атауға лайық. Олардың қатарында «Үш ашалы айыр» үйінің алғашқы жарыс машиналарында пайдаланылған Rosso Capannelle Gloss реңкі де, Моденаның эмблемасына айналған Giallo Avia Pervia Gloss реңкі де, Maserati MC20 моделінің бастапқы түсінің күңгірт түске боялып, қолмен қосымша әрленген нұсқасы да бар.

Бұдан бөлек Azzurro Himmelblau және Nero реңктері де кездеседі. Ал ең мұқият автоәуесқойлардың назарына Maserati 250F моделімен Формула-1 гран-приіне қатысқан алғашқы әйел кісі Мария Тереза де Филиппистің құрметіне әзірленген қызғылт сары Arancio Devil реңкі мен тюнинг жасалған Ghibli SS купесінен алынған Viola Salchi реңкі де ілігуі мүмкін.

MC20 Cielo «Less is More…?» моделінің сыртқы келбетін классикалық көк түсті тежегіш суппорттары бар 20" Corsa Forgiati Opachi дөңгелектері аяқтайды. Әрбір дискте қайталанбайтын түстер тіркесімі қолданылады. Алдыңғы екі дөңгелек дискісінде қызыл түсті профиль мен сары түсті қақпақ немесе сары түсті профиль мен көк түсті қақпақ үйлесетін болса, артқы дөңгелектерде ақ пен қызыл немесе көк пен ақ түстер пайдаланылады.

Осы сияқты түрлі реңктер тіркесімі машинаның басқа бөліктерінде де қолданылған: Баухаус мектебінде дәріс берген атақты суретшілер Василий Кандинский мен Пауль Клеенің зерттеген экспрессивті және контрастты түстер тіркесімі арнайы таңбашалары және Bianco Gloss реңкіндегі үш ашалы айыр логотипі бар осы эксклюзивті MC20 Cielo моделінде де көрініс тапқан.

MC20 Cielo «Less is More…?» — Maserati Fuoriserie Bespoke бағдарламасы шеңберінде клиенттер үшін арнайы жасалған бірегей модель.

mc20-cielo-external-front-squared
mc20-cielo-external-front-squared
mc20-cielo-hood-squared
mc20-cielo-hood-squared
mc20-cielo-particular-squared
mc20-cielo-particular-squared
mc20-cielo-front-squared
mc20-cielo-front-squared
mc20-cielo-seat-logo-squared
mc20-cielo-seat-logo-squared
mc20-cielo-rear-squared
mc20-cielo-rear-squared

FUORISERIE

FUORISERIE

Дәл ойыңыздағыдай Maserati. Maserati компаниясының жекелендіру бағдарламасы арқылы қиялға ерік беріңіз. Fuoriserie — жеке стильдегі бірегей Maserati моделін жасап шығаруға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Fuoriserie: Дара болу үшін жасалған.

fuoriserie-logo-black
Read More
Read More

Maserati S.p.A.
Viale Ciro Menotti, 322 – 41121, Modena (MO), Italy

Company registered under Italian law - VAT: IT 08245890010 R.E.A. Modena 347990

Share capital: 80.000.000 €, fully paid-up
Direction and coordination under Article 2497 of the Italian Civil Code: Stellantis N.V.

maserati@pec.fcagroup.com
www.maserati.com