«Үш ашалы айыр» үйінің автомобиль өндірісіндегі шеберлігі мен Giorgetti компаниясының дизайнерлік эстетикасының үйлесімі нәтижесінде туындаған арнайы Fuoriserie автокөліктер коллекциясы— итальяндық технологиялар мен инновацияға деген ұмтылыстың дәлелі.
Модена, 14 наурыз 2025 жыл. Әлемдегі ең космополиттік және әркелкі аудиторияны жинайтын жыл сайынғы халықаралық дизайн іс-шарасы — Миланда өтетін 2025 жылғы Дизайн аптасында Maserati компаниясы танымал Giorgetti жиһаз үйімен жаңа ынтымақтастықтың алғашқы қадамдары туралы жария етпек. Италияның аталған екі атышулы компаниясының одағы нәтижесінде шексіз әсемдік пен технологиялық инновацияның мінсіз үйлесімін құрған интерьер коллекциясы мен арнайы тапсырыс бойынша жасалған Fuoriserie автокөлігі жарық көрді.
Бұл таза итальяндық серіктестік ортақ құндылықтарға негізделген: ұсақ-түйектерге мұқият назар аудару, мінсіздікке деген ұмтылыс және бірегей тәжірибені ұсынуға ниет. "Сұлулық пен жоғары сапа" концепциясын ұстанатын және бір-бірінен шабыт алатын екі компанияның бірлестігі жаңа шығармашылық белестерді бағындырып қана қоймай, таңдаулы да талғампаз, сапалы қарым-қатынасты қатаң талап ететін лайықты аудиторияны тапты.
«Giorgetti сияқты, соңғы 110 жылдан астам уақыт бойы Maserati итальяндық салтанаттылықтың синонимі болып келеді. Бұл серіктестік біз үшін үлкен қуаныш, себебі әсемдік пен шеберліктің нәзік үлгісі әрбір дизайн және инженерия бөлшегіне сіңе біткен. Giorgetti компаниясымен коллаборация біздің итальяндық өндіріске қызмет ету концепциямызға дәл сәйкес келеді: бұл біздің брендтерімізге тән инновация, мұра, сапа және эксклюзивтілік сияқты құндылықтарды жеткізіп, жаңа қарым-қатынастар мен эмоцияларды тудыруға мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді Maserati компаниясының бас директоры Санто Фичили.
«Бұл серіктестік терең құндылықтары мен жалпы көзқарасы ортақ екі брендтің — Giorgetti мен Maserati-дің нағыз даралығын көрсетеді. Ынтымақтастық, зерттеулер және эксперименттер жүргізу арқылы ол бренд философиясын нығайтудың тамаша мысалына айналды. Біздің 127 жылдық компаниямыздың тарихында бұл — өмірге деген ерекше құштарлық пен инновацияға деген ұмтылыстың ғана емес, салада өзінің қызметіне деген адалдықтың белгісі», — деп мәлімдеді Giorgetti компаниясының бас директоры Джованни дель Веккьо.
Maserati-дің иконалық таңбасы Нептунның үш ашалы айырынан шабыт алып, Giorgetti-дің жаңа дизайндық шешімдері ұсынылған Giorgetti Maserati Edition интерьерлік коллекциясы аңыздар мен табиғат арасындағы саяхат іспеттес. Ол автомобильдік бренд туындыларындағы негізгі элемент — теңіз бен жел күшінің үйлесіміне деген құрметті білдіреді. Кейбір Maserati модельдері желдің түрлі атауларымен аталса (оған мысал — Grecale кроссовері), коллекция сиқырлы сиреналары мен қарқынды толқындары бар теңіз асты әлеміне баурап әкетеді. Теңіздің тұңғиығына бір батырып алып, көк аспаннан бір-ақ шығаратын атаулар аңыздардағы ерекше сұлулық пен күш иелері — су нимфаларының құрметіне арналған.
Maserati Giorgetti Edition — «Үш ашалы айыр» үйінің эксперименттер мен үздіксіз зерттеулерге деген ұмтылысын бейнелейтін инновациялар мен талғампаздық көрінісі. Оның құрамында Maserati Fuoriserie жекелендіру бағдарламасы негізінде Моденада шығарылған 100% электрлік нұсқадағы бірегей Grecale Folgore моделі бар. Арнайы тапсырыс бойынша жасалған бұл модель әсемдікке, итальяндық мұраға және құштарлыққа деген құрметтің белгісі болып табылады. Кроссовердің шанағы арнайы түске боялған, ал эксклюзивті интерьерінде Giorgetti компаниясына тән элементтер байқалады. Салондағы таңдаулы маталар мен интерьерлік коллекцияда пайдаланылған былғары материалдар «үйдегідей жайлылық» сезімін күшейте түседі.
Giorgetti компаниясының шығармашылық директоры Джанкарло Бозио мен Maserati компаниясының бас дизайнері Клаус Буссенің шығармашылық командалары бірігіп әзірлеген Giorgetti Maserati Edition интерьерлік коллекциясы мен Maserati Grecale Giorgetti Edition моделі динамика мен қозғалыстан шабыт алған бірегей дизайнымен көзге түседі.
Giorgetti интерьерлік коллекциясы мен бірегей Maserati моделі 7 сәуір күні Миланда Giorgetti Spiga және Maserati Milan көрсетілімдерінде таңдаулы қонақтарға оңаша көрсетілетін болады, ал 8 сәуірден бастап дизайнға қызығатын келушілер мен автоәуесқойлар оларды өз көзімен көріп, бетпе-бет таныса алатын болады.
Maserati S.p.A.
Viale Ciro Menotti, 322 – 41121, Modena (MO), Italy
Company registered under Italian law - VAT: IT 08245890010 R.E.A. Modena 347990
Share capital: 80.000.000 €, fully paid-up
Direction and coordination under Article 2497 of the Italian Civil Code: Stellantis N.V.
maserati@pec.fcagroup.com
www.maserati.com
International
Africa
Europe
America
Asia
Middle-east
Oceania