Мысыр мен Ливия шөлдерінде соғатын ыстық солтүстік-африкалық желдің құрметіне аталған 2+2 орындық Khamsin моделі 1972 жылғы Туринде өткен автомобиль көрмесінде дизайнымен ерекше көзге түскен болатын. Ол Maserati-дің инженерлік бөлімінің басшысы болған Джулио Альфьеридің соңғы туындысы әрі брендтің Bertone дизайнерлік компаниясында қызмет атқарған Марчелло Гандинидің шебер қаламынан шыққан алғашқы сериялық автокөлігі болды. Бұл туынды әсем пропорциялары бар сүйір және сына пішінді дизайнымен ерекшеленді. Аталған модельдің V8 күштік агрегаты мен шассиі Ghibli-ден алынды, бірақ жаңа тәуелсіз артқы аспамен жабдықталды. Рөлдің басқаруын айналмалы күшейту жүйесімен қатар, ілінісу, жиналмалы фаралар, жүргізуші орындығын реттеу сияқты басқа да жоғары қысымды гидравликалық жүйелер, сондай-ақ тежегіш жүйесі Citroën-нен алынған мұра еді. Қозғалтқышы алдыңғы жағында орналасқан, артқы жетекті үлкен спорттық автокөлік болып табылатын дәстүрлі Gran Turismo конфигурациясындағы Khamsin моделі кезекті дәуірді тәмамдаған болатын (Gran Turismo дәуірі 1990 жж. 3200GT моделінің шығысымен қайта оралды). 1974–1982 жылдар аралығында бұл модельдің небәрі 435 данасы өндірілді.
СИПАТТАМА
Khamsin
Khamsin
Өндіріс жылдары
1974 - 1982
Көлемі
4,930
cc
Ең жоғары жылдамдық
270
KM/H
Модель коды
Tipo AM120
Шанақ түрі
2 есікті, 2+2 купе
Дизайн
Гандини (Bertone)
Тираж
430
Шасси
Артқы кергіші бар тәуелсіз көтергіш шанақ
Құрғақ массасы
1635 кг
Қозғалтқыш конфигурациясы
90° V8, екі жоғарғы үлестіруші білік
Максималды қуаты
5500 айн./мин жағдайында 320 а.к.
АЗЫРАҚ СИПАТТАМА КӨРСЕТУКӨБІРЕК СИПАТТАМА КӨРСЕТУ
Өз хикаяңызды айтып беріңіз
Please make sure all fields are filled out correctly.