Модельдер
  • Кроссовер
  • спорттық
  • суперспорттық

Сатып алу
Тәжірибелер
Бренд
Жауһарлар
Меншік
Бренд мұрасы
Автоспорт
maserati-island-dubai-branded-residences-unveil-hero-desktop maserati-island-dubai-branded-residences-unveil-hero-mobile
MASERATI-ДІҢ ДУБАЙДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

Maserati және SAMANA Developers компаниясының жақында іске қосқан аса премиалды жылжымайтын мүлік бренді SAMANA COLLECTA Дубайдағы Worlds Island архипелагында орналасқан эксклюзивті брендтік Maserati Island аралын таныстырады.
Модена шеберлерінің ғасырлық тәжірибесі мен итальяндық Gran Turismo талғампаздығын заманауи өмір кеңістігіне айналдырған, жыл бойы өмір сүруге арналған жеке арал Дубай жағалауының маңында күнделікті сән-салтанат ұғымын жаңа қырынан танытады.

Модена, 2026 жылғы 9 қараша – Maserati және SAMANA Developers компаниясының жаңадан іске қосылған аса-премиалды жылжымайтын мүлік бренді SAMANA COLLECTA бүгін Дубайдағы World Islands архипелагындағы жетекші бағыт – Maserati Island туралы хабарлайды.
Әлемдегі ең эксклюзивті бағыттардың бірін қайта пайымдай отырып, Maserati Island «Үш ашалы айыр» брендінің ерекше стилі арқылы жыл бойы жайлы өмір сүруге арналған жарқын тұрғын үй кешеніне айналуда.

Maserati-дің мәдени болмысы аралдағы өмір сүру өнерімен тоғысады
Casa Maserati көзқарасына сүйене отырып, Maserati Island итальяндық Gran Turismo мұрасына негізделген және әсемдік, дизайн, шеберлік пен итальяндық қонақжайлылықпен анықталатын «Үш ашалы айыр» мәдени болмысын ерекше өмір сүру тәжірибесіне айналдырады. Maserati Island Италиядан шабыт алған кең көлемді ландшафтық дизайнмен мұқият жобаланған, бұл 840 брендтелген тұрғын үйден, сондай-ақ жеті аса эксклюзивті су үстіндегі вилладан және жасыл желектің ортасында орналасқан екі ағаш үстіндегі вилладан тұратын сәулеттік жиынтықты құрайды. Алғашқы кезеңде жеке бассейндері бар 232 тұрғын үй, оның ішінде студиялар және бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлер ұсынылады. Әрбір тұрғын үй теңіздің ашық панорамасын қамтамасыз ететіндей мұқият бағдарланған және кең панорамалық терезелер, еркін кеңістіктік жоспарлау және алысқа көз жүгіртуге мүмкіндік беретін кеңістік Италияның көркем табиғаты аясында алыс сапарларға арналған көлікті басқару әсерін дәл қайталайды.

Итальяндық сападағы өмір сүру өнері
Maserati компаниясының ерекше дизайн стилінен шабыт алған тұрғын үй интерьерлері мен ортақ демалыс залдары 2025 жылы екі итальяндық брендтің шығармашылық серіктестігінен туындаған Giorgetti Maserati Edition жиынтығының жиһаздарымен толықтырылған. «Үш ашалы айыр» компаниясының өзіне тән дизайн стилі A++ Studio сәулетшісі Карло Коломбо ұйымдастырған біртұтас интерьер дизайны жобасында мүсіндік формалар, үйлесімді пропорциялар, жоғары сапалы материалдар және талғампаз бөлшектер арқылы көрініс тапқан.
Жанасуға жағымды былғары, мүсінделген ағаш және динамикалық пішіндер жарық, текстура, түстер мен атмосфераның мұқият үйлестірілген тепе-теңдігімен толықтырылған кеңістік адам сезімдерін баурап алады әрі «Үш ашалы айыр» брендінің эмоционалды заманауи рухын паш етіп, табиғи талғампаздық пен өмір сүру өнерімен ұштасады.
Бұл көзқарасты эксклюзивті қызметтермен шектелмей, сауықтыру, мәдениет, дәм және бөлісу қуанышын қамтитын қонақжайлылыққа деген көзқарас толықтырады: бұл итальяндық өмір салтының шынайылығын білдіретін көптеген сезімге толы тәжірибе.

Италия Ривьерасынан шабыт алған эксклюзивті ыңғайлылықтар
Жыл бойы тұрақты тұруға арналған негізгі тұрғын үй ретінде жобаланған Maserati Island оңаша тыныштық пен қалалық жайлылықты тамаша үйлестіреді. Алғашқы тапсырыс сәтінен бастап тұрғындар курорттық және күнделікті инфрақұрылымның кешенді экожүйесіне қол жеткізе алады. Аралдың гастрономиялық және әлеуметтік орталығы әртүрлі тамақтану тәжірибелерімен, соның ішінде ерекше қалқымалы италияльян мейрамханасымен және сергек жағажай клубымен ерекшеленеді. Сауықтыру және демалыс аймақтарына жеке жағажайлар, орталық лагуна, курорттық бассейндер, кешенді спа-орталықтар, жабық және ашық фитнес павильондары, сондай-ақ су спортына арналған арнайы марина кіреді. Кәсіпкерлер мен халықаралық отбасылардың сұранысына сай арнайы жобаланған премиум коворкингтер, үздіксіз жоғары жылдамдықты байланыс жүйесі және талғаммен таңдалған күнделікті сауда орындары мен консьерж қызметтері барлық жұмыс пен күнделікті өмірдегі қажеттіліктерді толық қамтамасыз етеді. Maserati Island пен Дубайдың құрлықтық бөлігі арасындағы байланысты люкс яхта-шаттлдар жүзеге асырады, осылайша әдеттегі күнделікті жолды теңіз сапарына айналдырады.

no results

SAMANA Developers компаниясының бас директоры Имран Фарук былай деді: “Maserati Island жобасын таныстыру үшін Maserati брендімен серіктестік орнату — тек SAMANA COLLECTA үшін ғана емес, бүкіл Дубайдың премиалды жылжымайтын мүлік нарығы үшін де шешуші белес болып табылады. SAMANA COLLECTA компаниясын құрған кездегі біздің мақсатымыз – мінсіз дизайнмен, халықаралық деңгейдегі беделмен және «ең алдымен — өмір сапасы» қағидатымен ерекшеленетін бірегей бағыттарды ұсыну арқылы дәстүрлі құрылыс шеңберінен шығу болды. Maserati-дің итальяндық шеберлігі мен уақытқа бағынбайтын салтанаттылығының аты аңызға айналған мұрасын ауқымды бас жоспарлау саласындағы тәжірибемізбен біріктіре отырып, біз аймақта жаңа туындыны жүзеге асырамыз. The World Islands — Дубай жағалауындағы ең ғажайып жобалардың бірі, ал осы ынтымақтастықтың аясында біз Дубайдың сәулеттік инновациялар мен жоғары санаттағы салтанатты өмірдің әлемдік орталығы мәртебесін айқындай түсетін әлемдік стандарттағы жаңа жобаны зор мақтанышпен таныстырамыз.»

Alfa Romeo және Maserati компанияларының бас директоры Санто Фичили былай деп мәлімдеді: «Maserati Island жобасымен біз Casa Maserati-ден басталған жолда маңызды қадам жасап, итальяндық сән-салтанат туралы көзқарасымызды эксклюзивті өмір сүру тәжірибесіне айналдырдық. SAMANA COLLECTA компаниясымен ынтымақтастық бізге «Үш ашалы айыр» тұрғын үйінің болмысы мен құндылықтарын әлемдегі ең беделді орындардың біріне жеткізуге мүмкіндік бере отырып, біздің автокөліктеріміз сияқты бірегей әрі ерекше жобаға жан береді. Maserati компаниясының салтанаттылық көрінісі әрқашан ерекше болған. Ол талғампаздыққа, сұлулыққа, құштарлыққа және әр бөлшекке мұқият назар аударуға негізделген. Maserati Island арқасында бұл құндылықтар жаңа әрі нақты көрініс тауып, клиенттерімізбен байланысымызды нығайтып, үнемі кеңейіп келе жатқан халықаралық аудиториямен үндестікті кеңейтеді. Бұл жоба «Үш ашалы айыр» бренді ғасырдан астам уақыт бойы бүкіл әлемде танытып, қолдап келген итальяндық өндірістің жоғары сапасын бейнелейді».

Maserati компаниясының маркетинг жөніндегі директоры және BOTTEGAFUORISERIE компаниясының бас менеджері Криштиану Фиорио былай деп қосты: "«Үш ашалы айыр» эмблемасының 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан тұста, біз Maserati тарихындағы маңызды белеске айналатын осы жоба аясында SAMANA COLLECTA компаниясымен ынтымақтасуға өте қуаныштымыз. Maserati Island — болмысымызды жолдан тұрғын үй кеңістігіне көшіретін Casa Maserati жобасының алғашқы нақты көріністерінің бірі. Итальяндық өмір салты, сәннен шықпайтын дизайн, таза сұлулық және сезімдік тартымдылық сызықтарда, түстерде және материалдарда, сондай-ақ жиһаздарда көрініс табады. Бұған жалпы пайдаланылатын кеңістіктер үшін Giorgetti компаниясымен орнатқан стратегиялық серіктестігіміз және пәтерлер үшін ұсынылатын шешімдеріміз себепші болды. Біздің автомобильдерімізді ерекшелейтін ұсақ-түйектерге деген мұқияттылық Maserati әлемін сезінудің жаңа жолына айналып, халықаралық аренадағы беделіміз бен мәртебемізді одан әрі арттырады." «Үш ашалы айыр» тұрғын үйінің қайталанбас болмысын сезіну үшін
жасалған Maserati Island-тағы брендтік тұрғын үйлер 2030 жылдан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

no results
Read More

Maserati S.p.A.
Viale Ciro Menotti, 322 – 41121, Modena (MO), Italy

Company registered under Italian law - VAT: IT 08245890010 R.E.A. Modena 347990

Share capital: 80.000.000 €, fully paid-up
Direction and coordination under Article 2497 of the Italian Civil Code: Stellantis N.V.

maserati@pec.fcagroup.com
www.maserati.com