Модельдер
  • Кроссовер
  • спорттық
  • суперспорттық

Сатып алу
Тәжірибелер
Бренд
Жауһарлар
Меншік
MC12

Versione Corse

MC12CORSE_2880x1920
Көбірек жүктеу
Азырақ көрсету
no results
СИПАТТАМАСЫ
2006 жылы жарыстардан бірегей әсер іздеген жеке клиенттер үшін шектеулі автокөліктер сериясы әзірленді. Тек жарысқа арналмаған трассаларда пайдалану үшін жасалған MC12 Versione Corse моделі MC12 GT1 жарыс моделінің негізінде құрастырылған болатын. Айта кететін болсақ, соңғысы 2005 жылғы әлемдік FIA GT төзімділік жарысында жеңіске жеткен болатын. Модель бір жағынан қоғамдық жолдарда пайдалануға жарамды болмады, ал енді бір жағынан халықаралық GT жарыстарында сайысуға қатысты техникалық талаптармен де шектелмеді. Ол іс жүзінде зор техникалық сипаттамалармен арнайы жасалған нағыз жарыс автокөлігі болды. Ауа кірісінің шектегіштерінің орнатылуы талап етілмегендіктен, Versione Corse моделінің 755 ат күшіне дейін жететін атмосфералық V12 қозғалтқышы қуаты жағынан жолға арналған Stradale моделінен де, GT1 жарыс автокөлігінен де әлдеқайда асып түсті. Салмағы 2500 фунттан сәл ғана асатын модель жылдамдықты 0-ден 124 миля/сағ (200 км/сағ) дейін небәрі 6,4 секундта жеткізе алды. Қанша Maserati MC12 моделі шығарылды? Жалпы есеппен MC12 Versione Corse моделінің 13 данасы жарық көрді: оның бірі — прототип, ал 12-і — клиенттік автокөліктер. Шектеулі шығарылымда шыққан бұл нұсқа 1926 жылдан бері Maserati Corse моделінің абыройлы тарихына қосылған тағы бір құндылық болды.
СИПАТТАМА
Өндіріс жылдары
2006 - 2007
Көлемі
5,998
cc
Ең жоғары жылдамдық
326
KM/H
Модель коды
M144
Шанақ түрі
Қозғалтқышы ортаңғы бөлікте орналасқан екі орындық купе
Дизайн
Maserati Centro Stile
Тираж
13
Шасси
Алдында және артында алюминий кергіші және біріктірілген қауіпсіздік қаңқасы бар, көміртекті талшықтан және Nomex ұяшықты конструкциялы жетекші көтергіш шанақ
Сұйықтықтарсыз массасы
1150 кг
Қозғалтқыш конфигурациясы
Бойлай орнатылған 65° V12, 48 клапанды, екі жоғарғы үлестіруші білік, құрғақ картер
Максималды қуаты
8000 айн./мин жағдайында 755 а.к.
АЗЫРАҚ СИПАТТАМА КӨРСЕТУ КӨБІРЕК СИПАТТАМА КӨРСЕТУ

Өз хикаяңызды айтып беріңіз

Please make sure all fields are filled out correctly. Missing step
BACK
NEXT

Maserati S.p.A.
Viale Ciro Menotti, 322 – 41121, Modena (MO), Italy

Company registered under Italian law - VAT: IT 08245890010 R.E.A. Modena 347990

Share capital: 80.000.000 €, fully paid-up
Direction and coordination under Article 2497 of the Italian Civil Code: Stellantis N.V.

maserati@pec.fcagroup.com
www.maserati.com