Модельдер
  • Кроссовер
  • спорттық
  • суперспорттық

Сатып алу
Тәжірибелер
Бренд
Жауһарлар
Меншік

Ghibli

Spyder

GHIBLI SPYDER_2880x1920
Көбірек жүктеу
Азырақ көрсету
no results
Сипаттамасы
Ghibli-ге тән айқын контурлар модельге визуалды тартымдылық беріп, Джуджароның автокөлік дизайнының шебері деген беделін нығайта түсті. Классикалық пропорциялар, алдыңғы жағында орналасқан қозғалтқыш пен ұзын капот, қатты еңкейтілген маңдай терезе төбесі ашық нұсқаға әдемі жарасып тұрды. Екі орындық нұсқада ғана шығарылған Ghibli Spyder-дің матадан жасалған төбесі орындықтардың артындағы артқы панельге бүктеліп жинала қалады. Ал үлкен терезелері бар зауыттық қатты төбенің арқасында автокөлік кез келген маусымға жарай береді. Мұндай төбесі бар Ghibli Spyder моделінің 20–25 шақты данасы сатылған болса да, бүгінгі таңға дейін коллекционерлердің дәл осы модельге қызығушылығы азайып көрген емес. Концепциялық Maserati Simun автокөлігімен бірге, Ghibli Spyder Джуджароның 1967 жылы Ghia компаниясында жұмыс істеп жүріп әзірлеген соңғы жобаларының бірі болды: одан кейін ол өзінің Italdesign деп аталатын студиясын ашты. Купе моделі сияқты, Ghibli Spyder моделі де 4,7 литрлік V8 қозғалтқышымен шығарылды, ал ең мықты Spyder SS моделінің қозғалтқыш көлемі 4,9 литрді құрады. Сыртқы келбетіне сай қуаттылық (335 а.к.) пен жоғары жылдамдықтың (168 миля/сағ) арқасында SS моделі әлемдегі ең қалаулы әрі ең қымбат спорт көліктерінің бірі болды. Бес жыл ішінде сатылған 125 Ghibli Spyder автокөлігінің ішінде бестен бір бөлігі ғана SS сипаттамасына ие болды. Кейіннен сұрау бойынша автоматты беріліс қорабын орнатуға мүмкіндік пайда болды. Ghibli модельдерінің көбі (негізгі бөлігі — АҚШ-та) автоматты беріліс қорабымен сатылды. 1970 жылы Туриндегі автомобиль көрмесінде жаңартылған Ghibli дизайны таныстырылды: оның алдыңғы фаралары, аспаптар панелі және бас сүйегіштері аздап өзгертілді.
СИПАТТАМА
Өндіріс жылдары
1969 - 1973
Көлемі
4,719
cc
Ең жоғары жылдамдық
265
KM/H
Модель коды
Tipo AM115/S
Шанақ түрі
2 орындық спайдер
Дизайн
Джуджаро (Ghia)
Тираж
83
Шасси
Болаттан жасалған түтікті сатылы-қаңқалы платформалы шасси
Құрғақ/таза массасы
1660 кг
Қозғалтқыш конфигурациясы
90° V8, екі жоғарғы үлестіруші білік
Максималды қуаты
6000 айн./мин жағдайында 330 а.к.
Өндіріс жылдары
1969 - 1973
Көлемі
4,930
cc
Ең жоғары жылдамдық
285
KM/H
Модель коды
Tipo AM115/S49
Шанақ түрі
2 орындық спайдер
Дизайн
Джуджаро (Ghia)
Тираж
45
Шасси
Болаттан жасалған түтікті сатылы-қаңқалы платформалы шасси
Құрғақ/таза массасы
1660 кг
Қозғалтқыш конфигурациясы
90° V8, екі жоғарғы үлестіруші білік
Максималды қуаты
5500 айн./мин жағдайында 335 а.к.
АЗЫРАҚ СИПАТТАМА КӨРСЕТУ КӨБІРЕК СИПАТТАМА КӨРСЕТУ

Өз хикаяңызды айтып беріңіз

Please make sure all fields are filled out correctly. Missing step
BACK
NEXT

Maserati S.p.A.
Viale Ciro Menotti, 322 – 41121, Modena (MO), Italy

Company registered under Italian law - VAT: IT 08245890010 R.E.A. Modena 347990

Share capital: 80.000.000 €, fully paid-up
Direction and coordination under Article 2497 of the Italian Civil Code: Stellantis N.V.

maserati@pec.fcagroup.com
www.maserati.com