Модельдер
  • Кроссовер
  • спорттық
  • суперспорттық

Сатып алу
Тәжірибелер
Бренд
Жауһарлар
Меншік

Ghibli

GHIBLI_2_2880x1920
Көбірек жүктеу
Азырақ көрсету
no results
Сипаттамасы
1966 жылы Maserati дәстүрлі әдетінен қалмай жаңа Gran Turismo автокөлігінің жобасын бастады. Мысыр шөлдерінде болатын құйынды желдің құрметіне аталған Ghibli моделінің жұртты дүрліктіретін тың сыртқы көрінісі бұрынғы модельдерге тіпті ұқсамайды. Оның тартымды стилі сол кезеңде Туриндегі Ghia студиясында жұмыс істеп жүрген жас Джорджетто Джуджароның еңбегі болатын. Әрбір бөлшегіне дейін мінсіз жасалған Ghibli шанағы Джуджароның ең әсем дизайндарының бірі ғана емес, соғыстан кейінгі кезеңнің ең көрнекті автокөлік дизайндарының бірі де болды. Бұл таза «асыл тұқымды» GT моделі 15 футтық ұзындығына қарамастан екі орындық автокөлік ретінде ойлап шығарылған болатын. Алайда сериялық нұсқалар 2+2 орындық конфигурацияда өндірілді. Сондай-ақ бұл модель Quattroporte және Mexico модельдеріндегідей V8 қозғалтқышымен және Ghibli-дің ұзын әрі төмен капотының астына сыятындай етіп өзгертілген құрғақ картерлі майлау жүйесімен жабдықталды. 1966 жылы Туринде өткен автомобиль көрмесіндегі Ghia стендінде таныстырылған бұл модель жобасын Maserati инженері Джулио Альфьери қадағалады, ал жеткізілімдер кейінгі жылдың наурызында басталды. Алюминий капоты бар болат шанағын Vignale компаниясы шығарып отырды. 1969 жылдан бастап Ghibli 4,9 литрлік қозғалтқышы бар нұсқада (Ghibli SS деген атаумен) шығарыла бастады. Дәл сол жылы модельдер топтамасына спайдер нұсқасы да қосылды. Модельдердің барлығы 1973 жылға дейін шығарылды. Жалпы есеппен 1170 купе және 125 спайдер өндірілді.
СИПАТТАМА
Өндіріс жылдары
1967 - 1972
Көлемі
4,719
cc
Ең жоғары жылдамдық
265
KM/H
Модель коды
Tipo AM115
Шанақ түрі
2 есікті, 2+2 купе
Дизайн
Джуджаро (Ghia)
Тираж
779
Шасси
Болаттан жасалған түтікті сатылы-қаңқалы платформалы шасси
Құрғақ/таза массасы
1550 кг
Қозғалтқыш конфигурациясы
90° V8, екі жоғарғы үлестіруші білік
Максималды қуаты
6000 айн./мин жағдайында 330 а.к.
Өндіріс жылы
1969 - 1972
Көлемі
4,930
cc
Ең жоғары жылдамдық
285
KM/H
Модель коды
Tipo AM115/49
Шанақ түрі
2 есікті, 2+2 купе
Дизайн
Джуджаро (Ghia)
Тираж
425
Шасси
Болаттан жасалған түтікті сатылы-қаңқалы платформалы шасси
Құрғақ/таза массасы
1550 кг
Қозғалтқыш конфигурациясы
90° V8, екі жоғарғы үлестіруші білік
Максималды қуаты
5500 айн./мин жағдайында 335 а.к.
АЗЫРАҚ СИПАТТАМА КӨРСЕТУ КӨБІРЕК СИПАТТАМА КӨРСЕТУ

Өз хикаяңызды айтып беріңіз

Please make sure all fields are filled out correctly. Missing step
BACK
NEXT

Maserati S.p.A.
Viale Ciro Menotti, 322 – 41121, Modena (MO), Italy

Company registered under Italian law - VAT: IT 08245890010 R.E.A. Modena 347990

Share capital: 80.000.000 €, fully paid-up
Direction and coordination under Article 2497 of the Italian Civil Code: Stellantis N.V.

maserati@pec.fcagroup.com
www.maserati.com