Модельдер
  • Кроссовер
  • спорттық
  • суперспорттық

Сатып алу
Тәжірибелер
Бренд
Жауһарлар
Меншік

2000

Gran Turismo

2000GT_exterior_2880x1920
Көбірек жүктеу
Азырақ көрсету
no results
СИПАТТАМАСЫ
Maserati A6G 2000 моделі 1950 жылы A6 1500 моделінің орнына жүретін сериялық спорткар ретінде таныстырылған болатын. Оның атауындағы «2000» саны текше сантиметрмен өлшенген қозғалтқыш көлемін, «А» әрпі компанияның негізін қалаушы Альфьери Мазератидің (1932 жылы дүниеден өтті), «6» саны цилиндрлердің санын, ал «G» әрпі «ghisa» сөзін, яғни шойынды білдіреді. Дегенмен көп ұзамай Maserati қозғалтқыш блоктарын дайындау үшін жеңіл құймаларды пайдалана бастады. 6 цилиндрлі қозғалтқыштың диаметрі мен піспектің қимылы алдыңғы 1,5 литрлік модельмен салыстырғанда ұлғайтылып, тізбекті жетегі бар жоғарғы үлестіруші білікпен және үш карбюратормен жабдықталды, ал қуаты 90–100 ат күшін құрады. Шасси өлшемдері бұрынғысынша қалды, бірақ артқы аспа жаңартылды. Maserati A6G 2000 моделі 1950 жылы Туринде өткен автомобиль көрмесінде Pinin Farina дизайнымен таныстырылды. Топтама өндірісі аса шектеулі болды: Pinin Farina компаниясы төрт орындық фастбэк купенің тоғыз данасын жасап шығарды. Оның әрқайсысы жоғары белдеме сызығымен ерекшеленді. Туриндік Frua дизайн компаниясы бес кабриолет пен бір купені таныстырды, ал Vignale дизайн компаниясы Джованни Микелоттидің дизайнімен әзірленген бірегей купені ұсынды. 16 автокөліктің барлығы 1950–1951 жж. аралығында құрастырылған болатын, алайда аталған модель 1954 жылы айтарлықтай жаңартылған A6G/54 моделі шыққан соң ғана Maserati топтамасында ауыстырылды. Қолмен құрастырылған аса эксклюзивті A6G сериясы Maserati-дің әлемдегі ең үздік спорткар өндірушілерінің бірі деген атағын нығайта түсті және бүгінгі таңға дейін коллекционерлердің қызығушылығын жоғалтпай келеді. 
СИПАТТАМА
Өндіріс жылдары
1950 - 1951
Көлемі
1,954
cc
Ең жоғары жылдамдық
160 - 180
KM/H
Модель коды
Tipo A6G
Шанақ түрі
2+2 фастбэк, 2 орындық спайдер немесе купе
Дизайн
Frua, Vignale, Pinin Farina
Тираж
1950 - 1951
Тираж
16
Шасси
Шанақ түріне байланысты болат немесе алюминийден жасалған шанағы бар бойлық және көлденең элементтермен жабдықталған түтікті құрылым
Құрғақ массасы
1100 кг
Қозғалтқыш конфигурациясы
Қатарлы 6 цилиндр, бір жоғарғы үлестіруші білік
Максималды қуаты
5500 айн./мин жағдайында 90 а.к. (қосымша 3 карбюратормен 100 а.к.)
АЗЫРАҚ СИПАТТАМА КӨРСЕТУ КӨБІРЕК СИПАТТАМА КӨРСЕТУ

Өз хикаяңызды айтып беріңіз

Please make sure all fields are filled out correctly. Missing step
BACK
NEXT

Maserati S.p.A.
Viale Ciro Menotti, 322 – 41121, Modena (MO), Italy

Company registered under Italian law - VAT: IT 08245890010 R.E.A. Modena 347990

Share capital: 80.000.000 €, fully paid-up
Direction and coordination under Article 2497 of the Italian Civil Code: Stellantis N.V.

maserati@pec.fcagroup.com
www.maserati.com