Модельдер
  • Кроссовер
  • спорттық
  • суперспорттық

Сатып алу
Тәжірибелер
Бренд
Жауһарлар
Меншік

1500

Gran Turismo

1500GT_2880x1920
Көбірек жүктеу
Азырақ көрсету
no results
СИПАТТАМАСЫ
Maserati Gran Turismo дәстүрі 1947 жылы Женевада өткен автомобиль көрмесінде A6 1500 Gran Turismo моделін таныстырудан басталған болатын. Pinin Farina дизайны бойынша әзірленген бұл жол жүруге арналған Maserati моделі небәрі 61 данада шығарылды. Автомобильдік пресса модельдің техникалық мүмкіндіктері мен қайталанбас озық стилін құшақ жая қарсы алды. Жоғарғы үлестіруші білігі бар қозғалтқыш сол заман үшін күрделі клапандық механизммен жабдықталған болатын: клапандарды іске қосу үшін пайдаланылатын күйентелер клапандарды оңай реттеуге мүмкіндік берді. Жеңіл әрі берік түтікті шасси дөңгелектеп кесіліп, бір-бірімен пісіріліп жабыстырылған болат түтіктерден жасалды. Интерьері былғары қаптамамен, кешенді аспаптар панелімен, сондай-ақ қолғап салатын жәшік қақпағына орнатылған сағат, Maserati-дің әйгілі үш ашалы айыр логотипі бейнеленген ілінісу және тежегіш тепкілері сияқты жаңа дизайнерлік шешімдермен жабдықталды. A6 Gran Turismo нағыз революциялық автокөлік атанып, қала көшелерінде жүргізуге болатын салтанатты спорткарлар дәуірінің негізін қалады. Pinin Farina шабытымен әзірленген ескірмейтін шанақ дизайнының іздері әлі күнге дейін Maserati автокөліктерінде көзге ілінеді.
СИПАТТАМА
Өндіріс жылдары
1947 - 1950
Көлемі
1,488
cc
Ең жоғары жылдамдық
141
KM/H
Модель коды
Tipo A6
Шанақ түрі
2 есікті, 2 орындық купе, 2+2 купе немесе спайдер
Дизайн
Pinin Farina
Тираж
61
Шасси
Түтікті болат жақтауы бар алюминийден жасалған корпус
Құрғақ массасы
950 кг (берлинетта), 800 кг (спайдер)
Қозғалтқыш конфигурациясы
Бір жоғарғы үлестіруші білік
Максималды қуаты
4700 айн./мин жағдайында 65 а.к.
АЗЫРАҚ СИПАТТАМА КӨРСЕТУ КӨБІРЕК СИПАТТАМА КӨРСЕТУ

Өз хикаяңызды айтып беріңіз

Please make sure all fields are filled out correctly. Missing step
BACK
NEXT

Maserati S.p.A.
Viale Ciro Menotti, 322 – 41121, Modena (MO), Italy

Company registered under Italian law - VAT: IT 08245890010 R.E.A. Modena 347990

Share capital: 80.000.000 €, fully paid-up
Direction and coordination under Article 2497 of the Italian Civil Code: Stellantis N.V.

maserati@pec.fcagroup.com
www.maserati.com