Alfieri мүсіншілері
Терең, ішке кіріңкі тордың астында үйреншікті хромдалған жиек жоқ болғандықтан, ол ауада қалғып тұрғандай көрінеді. Терезе аймағы таза, артқы бөлігінің бұрыштары қиылған. Марко Тенконенің айтуынша, итальяндық дизайн мен неміс дизайнының арасындағы айырмашылық осындайда анық көзге түседі.
«Автокөліктің артқы бөлігінде, дөңгелектің артында онша көп металл болмауы керек. Бұл жайдан-жай ойлап шығарылған идея емес. Осылайша [of the shapes] көлемімен осындай қулықтар жасау нағыз итальяндық автоөндірушілерге тән қасиет. Итальяндық автоиндустрия [shapes] ерекшеліктерімен түрлі айла-шарғылар жасай отырып, автокөлікке салмағына қарамастан әрдайым жеңіл кейіп беруге ұмтылады.»
Сондай-ақ ол неміс дизайнерлерінің сұсты, алпауыт автокөліктерден мін іздей бермейтінін атап өтті. Ал итальяндықтар, керісінше, «жеңілдік пен дизайнға көп мән береді, сондықтан біз домалақ және шаршы пішіндердің арасында тепе-теңдікті табуға ұмтыламыз. Мұның бәрі машинаға салмақтылық бермеу үшін жасалады. Байқасаңыздар, итальяндық дизайндағы автокөліктердің көбі ірі емес, жинақы келеді.»