Жоғары жылдамдық пен асқан жайлылық. Спорт пен салтанаттылық — Maserati-дің екі болмысы.
Итальян тілінен аударғанда «төрт есік» деген мағынаны білдіретін төрт адамдық Quattroporte моделі жарты ғасырдан бері GT өнімділігі мен жайлылықтың синонимі болып келеді. Спорттық седандар сегментінің негізін қалаған автокөлікпен жақынырақ танысыңыз.
1981 жылғы Maserati Biturbo моделі екі турбоүрлемі бар қозғалтқышпен жабдықталған алғашқы сериялық автокөлік болып табылады. Сол кезеңде Maserati компаниясының басшысы болған Алехандро де Томазо Maserati-дің 20 жылдық инновациялары көрініс тапқан 50-ден астам нұсқадағы автокөліктер топтамасының дизайнын жасап шығарған болатын.
Кейбір эксклюзивті Maserati автокөліктері автоспортта сайысу үшін, ал кейбірі футуристік конструкцияларды зерттеу үшін стильдік тәжірибелер ретінде жасалған болатын. Оның әрқайсысы бірегей, қатаң түрде шектеулі тиражбен шығарылып отырды және Maserati-дің жолға арналған сериялық автокөліктерінен мүлде басқаша болды. Соғыстан кейінгі кезеңде екі керемет жарыс автокөлігі шығарылды: 420M/58 «Eldorado» және Tipo 60/61 «Birdcage».